Аймақтар • 25 Маусым, 2021

Шымкент қаласының әкімІ XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды қабылдады

780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жылы әлемнің көптеген спортшылары үшін ең маңызды жыл. 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Жапонияның Токио қаласында 32-ші жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Шымкент қаласының қоржынында бүгінгі күні спорттың 7 түрі бойынша 11 олимпиадалық лицензия бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласының әкімІ XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды қабылдады

Қала әкімі Мұрат Әйтенов лицензия иегерлері мен олардың жаттықтырушыларын қабылдады. Кездесуде алдағы жауапты жарысқа сәттілік тілеп, жеңіспен келулеріне сенім білдірді.

«Спорт - бұл елдің беделі мен абыройына жұмыс істейтін сала. Тәуелсіздік жылдарында біздің спортшылар бірнеше рет ірі халықаралық жарыстарда жеңіске жетті. Осы жеңістердің құрметіне Қазақстанның туы мақтанышпен көтерілді. Спортшыларымыз - біздің мақтанышымыз. Біз сіздердің әрқайсыңыз үшін жанкүйер боламыз. Сіздердің жеңістеріңізге сенеміз», деген шаһар басшысы ақ жол тілеп, спортшыларға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.

Еске сала өтсек, Шымкенттен стенд атудан - Сарсенкул Рысбекова, Кравченко Зоя; оқ атудан - Юрий Юрков; каратэден - Дархан Асадилов, Софья Берульцева, Данияр Юлдашев; бокстан - Закир Сафиуллин; көркем гимнастикадан - Алина Адилханова; байдарка және каноэден - Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов; дзюдодан - Галбадрах Отгонцэцэг қатысады.

Сонымен бірге, Игорь Лигай Халықаралық күрес федерациясы тарапынан 32-ші жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін таңдалды. Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Олимпиада санатындағы төреші, әлемнің 50 үздік төрешілерінің құрамына кірді.

Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025