
«28 маусымнан бастап 12 шілдеге дейін Ташкентке көрші облыстардан автокөлік құралдарымен (автомобильдер мен автобустар) кіруге шектеу қойылады. 28 маусымнан бастап бүкіл ел бойынша барлық ойын-сауық нысандары (мейрамханалар, түнгі клубтар, караоке, бильярд және компьютер залдары, қоғамдық тамақтану орындары-кафелер, асханалар мен шайханалар) кесте бойынша 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал осы мекемелерге келушілер саны жалпы көлемнің 50%-нан аспауы тиіс», делінген Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.