Әлем • 16 Шілде, 2021

Қытайлық отбасы айтқанға көнбеген қызын аралға апарып тастаған

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Вейхай аралының маңында жүзіп жүрген балықшы көмек сұраған дауысты естіген. Айқайға жақындаған балықшы, өзі үшін күтпеген жаңалық ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Белтаға сілтеме жасай отырып.

Қытайлық отбасы айтқанға көнбеген қызын аралға апарып тастаған

«Қытайлық жасөспірімнің туған қаласы аралдан екі мың шақырым жерде екен. Кішкентай қыздың елсіз аралда жүргеніне екі күн болыпты, ал оның азық қорынан тек крекер мен аздап тұщы су болды. Қызды тауып алған ер адам бұл туралы полицияға хабарлады», деп жазады Global Times.

Тәртіп сақшылары баланың ата-анасын тауып, үйіне қайтарды. Бірақ ересектер 13 жастағы жасөспірімді аралға әдейі жібергені анықталды. Ата-анасының айтуынша, қыздың тәртібі өте нашар болған. Ол тамақ сұрай беріп, үй шаруасына да қол ұшын тигізбеген. Жасөспірімнің мектепке барудан бас тартқан қыңыр мінезі ата-анасының төзімін сарқып, елсіз аралға жіберуіне себеп болған.

Бұндай шешім қабылдауға қытайлық психолог ықпал етті. Қыз туыстарының айтуы бойынша, «төтенше жағдайларда өмір сүріп көріп, сабасына келсін» деп кеңес берген психолог қызды алыс аралға жіберуге көндіреді. Полиция қызметкерлеріне мұндай тәрбие әдісі ұнамай, қыздың ата-анасына ескерту жасалды.

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15