Үкімет • 22 Шілде, 2021

БҰҰ-да тыңдалатын баяндама талқыланды

538 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы халықаралық конвенцияны Қазақстан Республикасының орындауы туралы сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндаманы» қорғауға дайындалу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

БҰҰ-да тыңдалатын баяндама талқыланды

 Отырысқа жұмыс тобы­ның мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері және Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы өкілі қатысты.

Пандемияға байланысты Қазақ­станның БҰҰ Нәсілдік кем­сіту­­шілікті жою жөніндегі коми­­тетінде баяндама жасау мерзі­мі өзгертіліп, 2022 жылы Женев­ада өткізу жоспарланған болатын.

Жұмыс тобының жетекшісі – Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев жиынға қатысушыларды БҰҰ Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитетінің баян­дама мазмұнына қатысты ком­мен­тарийлерін қайта тал­қылауға шақырды.

«БҰҰ Комитеті ұсыным­дарының басым бөлігін Қазақ­стан орындады. Сонымен қатар мұқият зерттеуді қажет ететін бірнеше ұсыныс бар. Мысалы, дискриминацияға қарсы жеке заңнаманы әзірлеу. Бұл мәселе түрлі елдің тә­жі­рибесі арқылы одан әрі бір­лес­кен зерттеуді талап етеді», деді Серік Егізбаев.

Сонымен қатар БҰҰДБ-ның Қазақстандағы ұлттық сарапшысы БҰҰ Комитетінің қорытынды ес­кертулерін жою бойынша мүд­делі мемле­кет­тік органдармен жә­не ұйым­дармен жүргізіліп жат­қан жұ­мыстар туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, 1998 жылы Қазақстан Нәсіл­дік кемсіту­шіліктің барлық нысан­ын жою туралы Халық­аралық конвенцияны ратифи­кациялаған болатын. Конвен­ция нормаларын орындау шең­берінде Үкімет қаулысымен «Нәсілдік кемсітушіліктің бар­лық нысанын жою туралы халықаралық кон­венцияны Қазақстан Респуб­ликасының орындауы туралы сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндамасы» бекітілген.

Баяндаманы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жа­нындағы Ведомствоара­лық жұмыс тобы барлық мүд­де­лі мем­лекеттік органның қа­тысуымен әзірлеп, онда 2014-2017 жылдар аралығындағы есептік кезеңде Қазақстан­ның Конвенция баптарын іске асыруы жөніндегі ақпарат қамтылған.

 

Дайындаған

Кәрібай МҰСЫРМАН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Өнертабысқа өріс кең

Аймақтар • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше

Ең құнды жәдігер

Жәдігер • Кеше

Алғашқы өлең

Әдебиет • 08 Қараша, 2024

Жас ақындар жинағы

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

Қыс мінезін көрсетті

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

«Көрім» көз (Монолог)

Сатира • 08 Қараша, 2024

Тойдан тамаша тәбәрік

Қоғам • 08 Қараша, 2024

30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды

Қоғам • 08 Қараша, 2024