Қазақстан • 28 Шілде, 2021

Қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні рас па?

3410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

What‘sApp мессенджерінде Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді. Осыған байланысты қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні туралы хабарлама таратылуда, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні рас па?

Бұл жалған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Дезинфекциялық заттарды әуе көлігінен бүрку де жоспарда жоқ, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бүгінгі таңда елімізде КВИ жұқтырған 542703 науқас анықталды. Оның ішінде 6797-і ағымдағы жылдың 26 шілдесінде тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Нарықта мұнай бағасы шарықтады

Экономика • 04 Қазан, 2024

Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Терраса тақтасы

Ғылым • 04 Қазан, 2024