Елорда • 28 Шілде, 2021

Елордалықтар COVID-19 бойынша call-орталықтарға қоңырау шала алады

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындарына арнап коронавирустық инфекция мәселесі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының жанынан колл-орталық құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалықтар COVID-19 бойынша call-орталықтарға қоңырау шала алады

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызметтің барлық түріне жүктеме түсіп келеді. Жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түседі, ал шақыру саны 3 мыңнан асады, оның ішінде КВИ бойынша 300-ге дейін жетеді.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін байланыс телефондары құрылды. Осы арқылы коронавирустық инфекцияға қатысты сұрақтарына жауап ала алады.

«Қала тұрғындары тарапынан мобильді топтардың жұмысы, учаскелік дәрігерлерге қоңырау шалу бойынша көптеген өтініш түсті. Қазір денсаулық сақтау мекемесінің әрқайсысына үлкен жүктеме түсіп отыр. Дәрігерлер күніне 3 мыңнан астам науқасты үйінде тексереді. Осыған байланысты қала тұрғындарына түсіністік танытуын сұраймыз. Егер өзіңізде аурудың симптомсыз түрі болса, фильтр-кабинеттерге, өз емханаңыздың call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз», - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында көрсетілген маңызды телефон нөмірлерін осы сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Нарықта мұнай бағасы шарықтады

Экономика • 04 Қазан, 2024

Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Терраса тақтасы

Ғылым • 04 Қазан, 2024