Аймақтар • 03 Тамыз, 2021

Модульді аурухана пайдалануға беріледі

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев пен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов аймақ орталығындағы бірнеше медициналық мекемелерге барып, дәрігерлермен кездесті. Медицина қызметкерлерімен жүздескен шаһар басшысы мен мәслихат хатшысы емдеу мекемелеріндегі бірнеше мәселені назарға алды.

Модульді аурухана пайдалануға беріледі

Көпбейінді облыстық аурухана жа­нындағы 7 650 шаршы метрді құрайтын автотұраққа күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Бүгінде аумақ тегістеліп, асфальт жабындысы төселіп жатыр.

Ал көпбейінді қалалық ауруханада қала басшысы мен мәслихат хатшысына мекеменің бас дәрігері Бауыржан Төлегенұлы қазір 220 науқас емделіп жат­қанын, қажетті жабдықтардың жет­кі­лік­ті екенін айтты. Ал ауруханадағы тапшы мамандарды сырттан шақыру керек. Бірақ оларды баспанамен қамту қиындық туғызып отыр. Бас дәрігер айтқан мәселені қала басшысы назарға алатын болды.

Жаңадан салынған 200 орындық мо­дульді жұқпалы аурулар ауруханасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов бүгінде мекеменің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары аяқталғанын жеткізді.

– Заманауи үлгіде салынған ғимаратта науқастарды емдеу үшін барлық жағдай жасалған. Эпидемиялық ахуал ушығып тұрған қазіргі кезде ғимаратты газға қосып, айналасын абаттандырып, апта ішінде ашылуына бар күшімізді саламыз, – деді қала әкімі Ғанибек Қазантаев.

 

Қызылорда

 

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025