Коронавирус • 03 Тамыз, 2021

А.Цой тамыз-қыркүйек айларындағы эпидахуалға болжам жасады

1181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің кезекті отырысында еліміздегі эпиджағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

А.Цой тамыз-қыркүйек айларындағы эпидахуалға болжам жасады

Министрдің айтуынша, ауруханаларындағы төсек-орын 56 пайызға толып тұр.

«Эпидахуалды бақылау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта. 3 тамыздағы жағдай бойынша, ауруханалардағы төсек-орынның 56 пайызға толып тұр. Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды облыстары «қызыл-қоңыр» аймақта тұр», деді Цой Үкімет отырысында.

Министр Қазақстан бұған дейін жасалған болжам бойынша оптимистік сценариймен келе жатқанын атап өтті. 

«Тамыз-қыркүйек айларындағы эпидахуалға болжам жасайтын болсақ, біз оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз. Оптимистік сценарийдің алдағы дамуы карантин режимін сақтап, вакцинация қарқынын көбейтумен байланысты болады», деді министр.

Соңғы жаңалықтар

2026 жылы бізді не күтіп тұр?

Қоғам • Бүгін, 11:02