Аймақтар • 05 Тамыз, 2021

ШҚО-да студенттерге арналған 7 жатақхана салынып жатыр

631 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында студенттерге арналған 7 жатақхана салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz

ШҚО-да студенттерге арналған 7 жатақхана салынып жатыр

Бұл жайлы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттарға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.

«Білім саласында атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы зор. Мәселен, биыл облыс бойынша үш жаңа мектеп салынып жатыр. Балалардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылуда. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында кәсіптік білім алатын студенттерді тәжірибеден өткізетін 10 орталық құрылмақ. Яғни, студенттер теориялық біліммен қатар тәжірибелерін де жетілдіріп, еңбекпен шыңдалады», деді аймақ басшысы.

Әкімнің айтуынша, студенттер оқуды аяқтағаннан кейін бірден кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алатын болады.

Сондай-ақ бүгінгі таңда өңірде студенттерге арналған жеті жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025