TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай Токиодағы жарысын сәтті бастады

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Токио Олимпиадасында каратэден Қазақстан спортшылары сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай Токиодағы жарысын сәтті бастады

ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Мөлдір Жаңбырбай В тобына түсті. Ол бірінші кездесуде мысырлық Радва Сайедті 7:2 есебімен ұтты.

Мөлдірдің келесі кездесуі австриялық Беттина Планкке қарсы өтеді. 

Еске сала кетсек, өз тобында алғашқы екі орынды иеленген спортшылар жартылай финалға өтеді. 

Бұған дейін ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов жартылай финалға өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025