Қоғам • 13 Тамыз, 2021

Колонияға 14 телефон өткізбек болған адам ұсталды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 мекемесіне ер адам 14 телефон, 76 SIM-карта және бес зарядтау құрылғысын өткізуге тырысты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Колонияға 14 телефон өткізбек болған адам ұсталды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 орташа қауіпсіздік мекемесіне ер адам скотчпен оралған 14 телефонды, 76 SIM-картаны және бес зарядтау құрылғысын термопот электр шәйнегінің түбіне жасырып өткізуге тырысқан.

Мекеме, 3660 ә/б және мамандандырылған прокуратура қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттарды беру фактісіне жол берілмеді.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қалалық сотына жіберілетін болады», деп түсіндірді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19