Аймақтар • 16 Тамыз, 2021

Шымкентте отандық өнімдерден спорттық ойын алаңшалары салынып жатыр

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортын дамыту бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Шымкентте спортты қолжетімді ету мақсатында көптеп ашық спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңдары салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте отандық өнімдерден спорттық ойын алаңшалары салынып жатыр

Еліміздің үшінші мегаполисінде қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасына сәйкес биыл Еңбекші ауданына қарасты 18 шағынаудандағы №6,7 үйлердің аулаларына бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған жаттығу алаңшасы мен балалар ойын алаңы орнатылатын болды. «Нурстройтранссервис» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан эскиздік жоба дайындалып, мақұлданды.

«Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, жаңаланып жатқан аулалар соңғы рет 2013 жылы абаттандырылған. Аулалардағы элементтердің басым бөлігінің тозығы жеткен, темірден жасалынған бұйымдар.

Қазіргі таңда аулаларды қайта жаңарту барысында заманауи ойын элменттері орнатылып, балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабын төселеді. 3 D ойын кешені, әткеншектер, тербелмелі теңгергіш, құмсалғыш, тербелмелі мотоцикл, тербелмелі жылқы ойын элементтері орнатылады.

Одан бөлек жеңіл атлетикамен айналысатын «Street workout», тренажер алаңшасы орнатылады.

Құрылысқа қолданатын заттардың барлығы тек отандық өнім болады дейді мердігерлер. Тіпті ойын алаңшасына төселетін резеңке төсеніштің өзі Шымкентте жасалады екен.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше