Аймақтар • 24 Тамыз, 2021

Халық санағы: Шымкент халқының саны қаншаға жетті

6550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент халқының қаншаға жеткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халық санағы: Шымкент халқының саны қаншаға жетті

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Санақтың бірінші кезеңінде 29 нұсқаушы-бақылаушы мен 198 интервюьтер 1,5 айға тартылып, елді мекендерді аралап, үй-жайлардың тізімін жасақтады. Санақтың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Шымкент қаласының халық саны 1 002 720 адамды құрады. Биылғы 1 маусымдағы мәліметтерге сәйкес 90 464 адамға жетпеді. Бұл жаз айындағы демалысқа байланысты болып отыр» деді ол.

Әйтенов айтқандай, санақтың екінші кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр.

«Санақ персоналдарын үй-жайларымен қамтамасыз ету бойынша 155 нұсқаушы-учаске белгіленіп, олар жиһаз бен құрал-сайманмен жабдықталды. Қала аумағында ақпараттық парақшалар таратылды. Халық санағының екінші кезеңін өткізу жұмыстарына Шымкент қаласы толық дайын», деді ол.

Осыған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов халық санағына тиісті деңгейде дайындалмай отырған өңірлерді атаған еді. Оның ішінде Шымкент қаласы да болды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Кетбұқа сұлтанның теңгесі

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Кака кетіп, Какау келді

Спорт • Бүгін, 09:02

Фонограмманы заң шектей ала ма?

Мәдениет • Бүгін, 09:00

Ұшқышсыз авиация орталығы

Университет • Бүгін, 08:55