Қоғам • 31 Тамыз, 2021

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қандай көмек көрсетіледі?

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева онлайн брифинг барысында қалада тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі жайын қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қандай көмек көрсетіледі?

Алматыда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетілетін «Жан Сая» дағдарыс орталығы жұмыс істейді. 2017 жылы ашылған орталыққа биыл 75 әйел мен 157 бала өтініш берген.

«Мұнда зардап шеккендерге баспана, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Орталық қабырғаларында балаларға арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ қалада тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін құрылған «Пана» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 466 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді, олардың барлығы уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етілді», деп түсіндірді басқарма басшысы.

Орталық мамандары зардап шеккендердің құжаттарын қалпына келтіруге көмектеседі.

«Алматыда жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткерлік жастағы ерлі-зайыптылар үшін еліміздегі ерекше «Қамқор» әлеуметтік үйі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 50 адам әлеуметтік үйді пана етуде. Туыстарының қарауынсыз қалған тұрғындар пәтерлерін мемлекет меншігіне өткізіп, осы үйге көше алады», деді Назира Тоғызбаева.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15