
«Бізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтардың таңдау құқығы бар. Елімізде жаппай екпе егу науқаны жүріп жатқанымен, қоғамда вакцинаға қарсы азаматтар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, өзге азаматтарды адастырады. Жаппай вакцинациялау қарқынды жүргенде ғана, біз қауіпті індетке тосқауыл қоя аламыз», деді Мемлекет басшысы.