Парламент • 01 Қыркүйек, 2021

Мәжілісте депутат Нұрлыбек Ожаев ант берді

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің бірінші жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелген Нұрлыбек Ожаев ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілісте депутат Нұрлыбек Ожаев ант берді

«Өздеріңіз білетіндей, өткен сессиясының соңында Нұрлыбек Ожаев Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді. Енді Конституцияның 1-бабының 6-тармағына сәйкес Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді», деді Нығматулин.

Конституцияға сәйкес депутат ел алдында ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін», деді Нұрлыбек Ожаев.

Жалпы отырысында палата депутаттары Н. Ожаевты Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің құрамына сайлады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025