Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021

Шомылу маусымында Ақмола облысында 32 адам суға кеткен

691 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев брифингте өңірдегі шомылу маусымын қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шомылу маусымында Ақмола облысында 32 адам суға кеткен

Оның айтуынша, суға шомылу маусымы басталғаннан бері құтқарушылар 80 адамның өміріне араша түскен, оның ішінде 11-і бала. Облыс бойынша 32 адам ажал құшса, оның 7-і кәмелетке толмағандар.

«Жыл сайын шомылу маусымы басталғанға дейін рұқсат етілмеген жерлерде тыйым салынған белгілер орнатылады, бірақ қала тұрғындары оны елемей, өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Суда адамдардың қаза болуымен тіркелген оқиғалардың негізгі саны демалыс және мереке күндеріне келеді, онда 20 адам қаза болды, жалпы санының 62 пайызын құрайды», дейді Қанат Доспаев.

Департамент басшысының орынбасары атап өткендей, шомылу маусымы аяқталғанына қарамастан, су айдындарында адам өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс әрі қарай жалғасын табады. 

«Күзгі кезеңнің басталуымен аң аулау және балық аулау маусымы басталады. Осыған байланысты су қоймаларында балық және аң аулау кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі негізгі ережелерді еске салғым келеді. Судың шетіне жақындағанда абай болу керек», деп түйіндеді Қанат Доспаев.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15