Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021

Ashyq жүйесінен ақау шыққаны рас па?

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазнетте Ashyq-қа қолжетімділікті шектеу туралы қауесет ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ashyq жүйесінен ақау шыққаны рас па?

Қауесет ақпараттың таралуына байланысты «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары мәлімдеме жасады.

Олжас Ордабаев бұл хабарлама жалған екенін айтты.

«Бүгінгі таңда Ashyq-қа қол жеткізу әр түрлі мобильді қосымшалар арқылы қамтамасыз етілген, соның ішінде Kaspi.kz және Homebank те бар. Бірақ банктер де, мәртебесін тексеруге мүмкіндік беретін басқа қосымшалар да жобаға қатысушы кәсіпкерлер туралы ешқандай ақпарат алмайды», деді ол Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, қосымшаны пайдалану бойынша шектеулер бас санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 29 шілдедегі «Кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын енгізу туралы» қаулысында көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025