Әлем • 09 Қыркүйек, 2021

Ресей министрі қаза тапты

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Тө­тен­ше жағдайлар министрі Евгений Зиничев қаза тапты. Бастапқыда оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты әріп­тестері хабарлаған. Кейіннен Ресей Тө­тенше жағдайлар министрлігі Зини­чев­тің өлімін ресми түрде растады.

Ресей министрі қаза тапты

«Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Евгений Зиничев Норильск қа­­­ласында Арк­ти­калық зонаны тө­тенше жағдайлардан қорғау жө­­нін­дегі ве­­­­домство­ара­лық оқу-жат­ты­ғу ке­зін­де адам өмірін сақтап қа­лу­ға ұм­тыл­ғанда қай­ғы­лы түр­де қаза тапқанын х­а­бар­лаймыз», деді минис­тр­л­іктің бас­па­сөз қызметі.

РБК агенттігінің хабарлауынша, оқу-жаттығуды ви­деоға түсіріп тұрған оператор жартастан тайып жы­ғылған. Оны құтқаруға ұмтылған Зиничев те тасқа құлап, мерт болған. Сондай-ақ оператор да өмі­­рі­мен қоштасты.

RT бас редакторы Маргарита Си­мо­нян өзінің Telegram-каналында түсі­­рілім тобындағы опера­тор­дың да, Зи­­ничевтің де қайтыс болғанын хабар­лады. Енді Төтенше жағдайлар минис­трі­нің міндетін бірінші орынбасар Алек­сандр Чуприян атқарады.

Зиничев 55 жаста еді. Ол 2018 жыл­дың мамырынан бастап Төтенше жағ­дайлар министрі болған, сонымен бірге Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. 1987 жыл­дан бастап Зиничев КГБ-да қызмет еткен. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де Федералды қауіпсіздік қызметінде еңбек етті. 2006 жылдан 2015 жылға дейін ол Президент В.Путиннің жеке адъютанты міндетін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Семейде ерекше кешен ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:35