Теннис • 28 Қыркүйек, 2021

Зарина Диас Ресей теннисшісін ұтты

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA 250 Astana Open турнирін Қазақстанның танымал теннисшісі Зарина Диас жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зарина Диас Ресей теннисшісін ұтты

Соңғы кездері елеулі табысымен жанкүйерлерді қуанта алмай жүрген Зарина Диас осы жарыста жасындай жарқырайды деп үміттенеміз. Әзірге бастамасы жаман емес. Бүгінгі таңда 106-орынды еншілеп отырған ол рейтингте өзінен әлдеқайда төмен тұрған ресейлік Анастасия Захароваға шаң қаптырып кетті. Шиеленісті өткен үш сеттік сайыста 7:6, 4:6, 7:5 есебімен Зарина Диас жеңіске жетті. Енді қазақ теннисшісі швециялық Ребекка Патерссонмен шеберлік сынасады.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30