ANTIKOR • 01 Қазан, 2021

Пара алған аудан әкімінің орынбасары 3 жылға сотталды

703 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары 500 мың теңге пара аламын деп 3 жылға абақтыға қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пара алған аудан әкімінің орынбасары 3 жылға сотталды

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов мәлім етті.

«28 қыркүйекте Глубокое аудандық сотының үкімімен Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Қимасов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу шартына қосымша келісім жасағаны және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Қимасов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», деді тергеуші.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35