Спорт • 24 Қазан, 2021

Футбол: Бүгін Қазақстан чемпионатының 25-тур ойындары басталады

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-туры басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол: Бүгін Қазақстан чемпионатының 25-тур ойындары басталады

Барлық ойындар бүгін, 24 қазанда өткізіледі.

Аталған турда жанкүйерлер 15:00-де басталатын «Қайрат» пен «Астана», «Тобыл» мен «Шахтер» ойындарына көз тігеді.

Қазір «Астана» мен «Тобыл» командалары чемпиондыққа талас жүргізіп келеді. Осылайша, бүгін алтын медальдың тағдыры шешілуі мүмкін.

Айта кетсек, «Қайрат» биылғы біріншіліктің қола жүлдегері атанды. Дәл осы уақытта «Тараз» бен «Ордабасы», «Атырау» мен «Қызылжар», «Тұран» мен «Ақтөбе» өзара шеберлік байқасады.

«Каспий» мен «Ақжайық» жасыл алаңға 17:00-де шықса, аталған турды «Қайсар» мен «Жетісу» командалары 19:00-де түйіндейді.

24-тур нәтижесі бойынша 56 ұпаймен «Астана» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» - 55, «Қайраттың» - 47 ұпайы бар.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше