Президент • 19 Қараша, 2021

Біз көгалдандыруға зәруміз - Президент

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы жаңадан ашылған Қарағайлы саябағын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Біз көгалдандыруға зәруміз - Президент

Президентке Алматы қаласын көркейтуге бағытталған алдағы жұмыс жоспары мен көгалдандыру ісінің ауқымы туралы есеп берілді. Мемлекет басшысына «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында қала бойынша 3 жылда 1 миллион түп көшет отырғызу жоспарланғаны жөнінде баяндалды. Биыл 350 мың көшет егу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта саябақтың аумағын  63 гектарға дейін кеңейту көзделіп отыр.

​Қасым-Жомарт Тоқаевқа Іле Алатауы табиғи паркі мен Алматы қорығы аумағында саяхатшылар мен альпинистердің қауіпсіздігі мен жайлы демалысы үшін салынған шағын үйлер көрсетілді. Олар жылыту пештерімен және төтенше жағдайда қажетті құтқару құралдарымен жабдықталған. 

​Соңында Мемлекет басшысы қала тұрғындары мен қонақтардың жайлы демалуына, қауіпсіздігіне және қоршаған ортаның тазалағына баса мән берілген жұмыстардың жалғаса беретініне сенім білдірді.

«Мен Қазақстан бойынша 2 миллиард түп көшет отырғызу бастамасын ұсындым. Өйткені біз, шын мәнінде, көгалдандыруға зәруміз. Алматы бұрын жасыл қала еді. Өкінішке қарай, қазіргі кезде бұл мәртебесін жоғалтып алды. Айырылып қалған мәртебемізді қайтаруымыз керек. Ағаш егу – биік мәдениеттіліктің белгісі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03