Әлем • 22 Қараша, 2021

Бір тұрғын көз жұмып, 20 адам зардап шеккен

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Висконсин штатындағы Уокеша қаласында өткен Рождестволық шеруде көлік жүргізушілерінің бірі жылдамдықпен топ болып тұрған адамдар арасына басып кірген. Салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бір тұрғын көз жұмып, 20 адам зардап шеккен

«Кем дегенде бір адам қайтыс болды және 20-дан астам адам жарақат алды», делінген CBS 58 телеарнасы таратқан ақпаратта.

Оқыс оқиғадан кейін полиция қызметкерлері жақын маңда орналасқан аудандардың тұрғындарынан үйден шықпауды өтінді.

Бұған дейін полиция көліктің Уокештегі Рождестволық шеруде көпшілік топтасып тұрған аймаққа басып кіргенін растады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 20-дан астам адам зардап шеккен. Полиция қызметкерлері қызыл түсті жол талғамайтын көлікті тапқан. Сонымен қатар күдікті адам туралы мәліметтер жеткілікті көрінеді.

Соңғы жаңалықтар

Бұрын-соңды болмаған өсімдік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ғарыштағы ЖИ деректер орталығы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Жаз маусымының бір сынағы

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Адам ДНҚ-сын құрастырады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Құлжан әулетінен қалған мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:00

Күй

Сатира • Бүгін, 07:58