Кәсіпқой бокс • 23 Қараша, 2021

Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокс әлемінде жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген сайыпқыранымыз, Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласатын шайқасында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды

Қазақ оғланы шаршы алаңда мексикалық Данте Хардонмен кездеседі. 33 жасар мексикалық осы жылы айрықша белсенділігімен көзге түсіп жүр. Ол 2021 жылы Даниярмен өтетін жекпе-жекке дейін екі рет рингке көтеріліп үлгерді. Екеуінде де жеңіске жетті. Соңғысында өзінің аутсайдер саналғанына қарамастан, ұлыбританиялық Энтони Томлинсонды тоғызыншы раундта мерзімінен бұрын ұтып, талайларға таңдай қақтырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 18 желтоқсан күні елорда төрінде өтетін бокс кешінде шаршы алаңға Даниярдан бөлек Иван Дычко, Ержан Залилов, Дәурен Елеусінов, Жаңқош Тұраров, Ангелина Лукас көтерілмек.

Соңғы жаңалықтар

359 шетелдік байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 23:50

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Арқалық музейіндегі асадал

Жәдігер • Бүгін, 08:10