Қазақстан • 25 Қараша, 2021

Мемлекетке 9 млн теңгеден астам залал келтірген браконьерлер ұсталды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полиция қызметкерлері «Браконьер» профилактикалық іс-шарасы кезінде құқық бұзушылықтың 348 дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекетке 9 млн теңгеден астам залал келтірген браконьерлер ұсталды

Облыс аумағында браконьерлік, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Алматы облысы Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтті.

«Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу қорытындысы бойынша: 4 км. 700 метр қытай балық аулау желісі, 4 қайық (2 Резеңке, 2 алюминий), 4172 кг балық, 53 текше метр заңсыз дайындалған ағаш, 4 дана бензопила, 10 дана атыс қаруы (оның ішінде 8 тегіс ұңғылы, 2 ойық ұңғылы), 1 жойылып кету қаупі бар «Сұңқар-Балабан» құсы, 1 «P. I. T.» маркалы бензин электр генераторы тәркіленді және 348 экологиялық сипаттаға құқық бұзушылық анықталып, ол бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды», деді Алматы облысы ПД ТҚП тобының аға инспекторы, полиция майоры Серік Байғазинов.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 332 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 1 млн. 801 мың 248 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

«Мемлекетке келтірілген залал 9 млн 397 мың 630 теңгені құрады», делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03