Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021

Өскемен мен Семей арасында жол жабылды

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымы жабылып, «Омбы-Майқапшағай» тасжолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскемен мен Семей арасында жол жабылды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 06.30-дан бастап өңір бойынша ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда жаңбыр жауып, көктайғақ болуына байланысты жол жабылды.

«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының арасы) автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды.

Сондай-ақ республикалық маңыздағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының арасы) тіркемесі бар жүк көліктерінің және автобустардың қозғалысы шектелді», делінген ақпаратта.

Осы ретте департамент мамандары тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35