
Турнир ережесі бойынша, байрақты бәсекеде 20 ер, 20 қыз спортшы бақ сынайды. Оларға Ева Джелер (Аустралия), Золтан Баторфи (Мажарстан), Пачинте Осман (Мысыр), Матильда Экхольм (Швеция), Ахмед Әл-Моханнади (Қатар) сынды тәжірибелі бапкерлер бас-көз болып, ақыл-кеңесін айтады. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер таңдалып, ITTF Hopes өз командасын жасақтап шығарады. Бұл турнирде Қазақстан намысын 12 жастағы ақтаулық Аққу Темірханова қорғайды.