Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2021

Колониялар бейнекамерамен жабдықталады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ішкі істер министрі 2021 жылғы 21 желтоқсандағы бұйрықпен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колониялар бейнекамерамен жабдықталады

Осылайша, сотталғандардың жазаны өтеу тәртібін бұзуының алдын алу және жолын кесу, мекеме әкімшілігі тарапынан азаптауларға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу үшін дәретханаларды, жуынатын және себезгі бөлмелерін, моншаларды және ұзақ кездесу бөлмелерінің жатын үй-жайларын қоспағанда, ҚАЖ мекемелеріне бейнекамералар орнатылады.

Бұл ретте сотталғандарды сыртқы дене тексеруі жүзеге асырылатын үй-жайлар экрандармен жабдықталады.

Әйелдерді ұстауға арналған мекемелер мен үй-жайларда операторлар әйел қызметкерлерді тағайындайды.

Бейне мұрағатының сақталу мерзімі кемінде 60 тәулікті құрайды.

Жазбалардың көшірмелерін беру қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органдарының, қылмыстық қудалау органдарының, соттың, прокуратураның, сондай-ақ адвокаттардың және жәбірленушілер өкілдерінің ресми сұрау салуы бойынша Қылмыстық-процестік кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі.

Бұйрық 2022 жылғы 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03