Қоғам • 05 Қаңтар, 2022

Үздік полицейлер марапатталды

446 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция жұмысын «сервистік модельге» көшіруді тапсырған болатын. Тапсырманың өз деңгейінде орындалуы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев тарапынан қатаң қадағаланып, бақылануда. Яғни халықпен үнемі байланыста болатын учаскелік инспекторлардың жұмысы жіті қаралуда. Инспекторлардың жұмыс көрсеткіші жоғарылау үшін жағдай жасалып, жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Үздік полицейлер марапатталды

Бұдан бөлек әлеуметтік желіге республика көле­мінде іріктеліп алынған учаскелік полицей­лердің суреттері мен жеке мәліметтері жарияланып, оларға тұрғындар тарапынан басылған лүпіл мен қолдау жазбалары сарапталды. Сараптау нәтижесінде республикалық байқауда дауыс берушілердің пікірі бойынша Түркістан облысы полиция департаменті Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұрлыбек Асанханов «Қалалық жердегі полицияның үздік учаскелік инспекторы» атанды. Ал Келес аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бекжігіт Асабаев «Үздік учаскелік полиция инспекторы» деп танылды. Тәртіп сақшыларының марапаттарын Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков бар­лық ауданның полиция басшылары және жеке құрам жинал­ған, жыл ішінде атқарылған жұмыстар қорытындыланған жиын­да табыс етті. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» меда­лімен полиция капитаны Нұрлыбек Асан­ханов, полиция подполковнигі шені полиция майоры Бекжігіт Асабаевқа, «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» кеуде белгісі полиция полковнигі Дәуренбек Ахметовке берілді.

Сондай-ақ Ресей Федерациясында каратэ-до шо­то­каннан 9 мемлекет арасында өткен Әлем кубо­гында Қазақстанның атынан жарысқа қатысып, 68 кило салмақ дәрежесінде I орынға ие болған полиция аға лейтенанты Айгерім Нуридин, самбо күресінен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай Семей қала­сында өткен «Қабанбай батыр мемориалы» республикалық турнирінде әйелдер арасында 65 кило салмақ дәрежесінде II орын алған полиция лейтенанты Айнұр Ақжігітова, Түркістан қаласында өткен «грэплинг» күрес түрінен халық­ара­лық турнирде 83 кило салмақ дәрежесінде жүл­делі 2-орынды иеленген полиция капитаны Жәні­бек Айдарбек алғыс хат және кубоктармен марапатталды.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025