Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

Тағы бір қарулы топ Түркістанда ұсталды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қаруы бар қылмыстық топ Түркістан облысында құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағы бір қарулы топ Түркістанда ұсталды

Алматыдағы жағдайды ұялы телефондарына түсірген 3 жас жігіт Түркістан облысындағы блок бекеттерден өтетін кезде қолға түсті. Мәселенің мән-жайын Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Алматы-Термез-Ташкент тас жолындағы Ақтас блок бекетінде «Тойота» маркалы автокөлікте болған Сарыағаш және Келес аудандарының 3 тұрғынын ұстаған. Тексеру кезінде жедел уәкілдер көліктен тапанша тапқан.

Аталған факті қылмыстық кодекстің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелген. Күдіктілердің барлығы қамалған. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35