Өнер • 26 Қаңтар, 2022

Есенқұлдың домбырасы

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, талантты ақын, белгілі айтыскер Есенқұл Жақыпбековтің дом­­бырасы сақталған. Оны мұра­жайға «Ұлттық музейге сый тарту» аясында Есенқұл аға­мыздың зайыбы Меңсұлу Нағашыбекова тапсырған.

Есенқұлдың домбырасы

Алматы облысының Жамбыл ауданында өмірге келген Есенқұл ағамыз жұртшылыққа айтыскерлік талантымен де кеңінен танылды. «Менің даңқым айтыста қисық сөйлеп, жеңілумен шықты. Сөйте жүріп бір сөзім болса да елдің аузында қалды» деген дарын иесі өткен ғасырдың сексенінші жылдардан бастап, атадан қалған киелі өнеріміздің жандануына үлес қосты. Сол жылдары республикалық айтыстарда Қонысбай Әбіл, Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова се­кілді ақындармен қатар жүріп, айт­қыштығымен, тапқырлығымен ха­лық­тың ықыласына бөленді.  Те­ле­визиялық айтыстың тұңғыш жеңім­пазы  болды.

Айтулы ақын жазба поэ­зияда да олжа салып, қазақ өлеңіне жаңа леп әкеліп, «Бастау», «Біз екеуміз», «Ағымнан жарыламын», «Жерге табын», «Жанқисса», «Есіл дүние-ай», «Біздің елдің жігіттері», «Бұл жаз да өтер», «Жетісу жырлайды», «Сарғайған сары терезе», «Тау басында кәрі қар», «Тазқара құстың тағдыры» секілді  жыр жинақтары оқырман жүрегінен жол тапты. Оның  өлеңдеріне жазылған әндерді де ел сүйіп тыңдайды.

Көзі тірісіне өнерімен, өлеңімен жұртшылықтың жылы ілтипатына бөленген асыл ақынның қолының табы қалған домбырасы құнды жә­дігерлер қатарында саналады.

Соңғы жаңалықтар

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05

ҚазҰУ-да іске қосылған төрт ірі жоба

Университет • Бүгін, 07:45

Айт қабыл болсын!

Мереке • Бүгін, 07:00