Қоғам • 29 Қаңтар, 2022

А.Умаров Астаналық және Қазақстандық Митрополитпен кездесті

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров пен Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александр кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Умаров Астаналық және Қазақстандық Митрополитпен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров пен Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александр кездесті.

Министр Православ шіркеуі қашан да Министрліктің елдегі конфессияаралық келісім құндылықтарын дамытуға бағытталған көптеген бастамаларына қолдау көрсетіп жүретінін атап өтті.

Сондай-ақ, Асқар Умаров төтенше жағдай кезінде мемлекет қабылдаған шараларға шіркеудің қолдау білдіргені үшін және түсіністік танытқаны үшін митрополитке өз атынан алғыс айтты.

Өз кезегінде митрополит Александр мемлекет жүргізіп отырған дін саласындағы саясат қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.

Тараптар конфессиялар мен мемлекет арасындағы диалогты дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025