
«Шемонаиха ауданындағы Үбе өзенінде көктем кезінде мұз кептелуінен жағалау маңындағы нысандарды су басу қаупі туындайды. Бұған жол бермеу мақсатында 10 мың шаршы метрден астам аумақта жару жұмыстары жүргізілді. Мұз қалыңдығы 80 сантиметрді құраған», деп хабарлады ведомство өкілдері.