Қоғам • 18 Наурыз, 2022

Енді Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланады

1511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.



Енді Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланады

«Наурыз мейрамы - терең дәстүрлі құндылықтардың қайнар көзі және ұлттың бірегейлігін құрудың жоғары шоғырландырушы әлеуеті мен тетігі бар аса маңызды бүкілхалықтық мереке. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Наурыз мейрамын мерекелеудің негізгі мақсаты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды елдің жасампаз дамуының ортақ міндеті айналасына топтастыру, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру болуға тиіс. Осыған сәйкес Наурызды мерекелеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді», деді Нұрғиса Дәуешов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, Наурыз мейрамын тойлауды заман ағымына қарай жаңа форматқа ауыстыратын уақыт келді.

«Наурыз тату көршілік пен жергілікті қауымдастықтардың мерекесі. Бұл тұжырымдаманы аулаларда, қоғамдастықтарда, отбасыларда тойлауды оқшаулап, қазіргі әлемнің урбанистік жағдайларына бейімдеу ұсынылады», дейді ол.



 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03