Жекпе-жек • 24 Наурыз, 2022

Макгрегор бас бостандығынан айырылуы мүмкін

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор көлігімен полицейлерден қашқанымен, алысқа ұзап кете алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.ru-ға сілтеме жасап.

Макгрегор бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Құны 187 мың доллар тұратын «Бентли-Континенталь GT» автокөлігімен жол ережесін бұзған ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Дублинде қолға түсті.

Полицейлер оның көлігін айыптұраққа қойды. Автожолда автокөлікті қауіпті мәнерде жүргізген спортшы айыпты ретінде жауап береді.

Деректерге сенсек, оны алты айға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5,5 мың доллар көлемінде айыппұл төлейтін жаза күтіп тұр. Тіпті сот қаталдық танытса екі жазаны бірден қолдана алады.

 

Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:03

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:55

Қазақ үнінің қазынасы

Мультимедиа • Бүгін, 08:53

Құқықтық сауат – уақыт талабы

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:45

Донорға тәуелді өмір

Денсаулық • Бүгін, 08:43

Жас талаптың жобасы

Жоба • Бүгін, 08:38