Әлем • 31 Наурыз, 2022

Бангладеште Қазақстан азаматына қастандық жасалды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бангладештегі тұрмыстық жанжал кезінде қазақстандық азамат қаза тапты. Қазақстанның тағы бір азаматы ауыр жарақат алып, ауруханада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бангладеште Қазақстан азаматына қастандық жасалды

«26 наурызда Үндістандағы ҚР елшілігінің консулдық бөліміне Бангладеш аумағында бір компания қызметкерлері арасында тұрмыстық жанжал туындап, салдарынан Қазақстан азаматының қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Марқұм пышақ жарақатынан көз жұмған», деп жазылған СІМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, елшіліктің консулдық бөлімі аталған оқиғаға қатысты толық ақпаратты анықтау және мәйітті Қазақстанға жеткізуге көмектесу үшін компания өкілдерімен және марқұмның туыстарымен үнемі байланыс ұстап отыр.

«Оқыс оқиға салдарынан тағы бір қазақстандық пышақтан зардап шеккен. Қазір ол Дакка қаласындағы ауруханалардың бірінде ем алып жатыр», деп жазылған хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қазақстандықтар Бангладешке Руппур қаласында атом электр станциясын салумен айналысатын ресейлік компанияда жұмыс істеу үшін барған.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025