Тағайындау • 02 Сәуір, 2022

ҚР ИИДМ Құрылыс комитетіне жаңа басшы келді

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметіне Алмаз Ыдырысов  тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz министрлікке сілтеме жасап.

ҚР ИИДМ Құрылыс комитетіне жаңа басшы келді

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы «Ремстройсервис АС» ЖШС жол жұмысшысы болып бастады.

Әр жылдары «ҚазахАвтоДор» РМК жетекші маманы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдарын пайдалану басқармасының бас сарапшысы, ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің Құрылыс және реконструкциялау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚО филиалында, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаментінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2017 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.