Қоғам • 04 Сәуір, 2022

Елімізде ұн мен астық экспортына шектеу қойылады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ұн мен астық экспортына шектеу қою туралы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ұн мен астық экспортына шектеу қойылады

«Қазір астық экспортына да, ұн экспортына да шектеу енгізу мәселесі пысықталуда. Ресей Федерациясы бидай экспортына және астық экспортына уақытша тыйым салды. Ішкі нарық үшін бізде тұтыну жеткілікті, экспортқа әлі де орташа жылдық көлем деңгейінде қалады», деді Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, экспорттаушылар астықты ішкі нарыққа сатқысы келмейді.

«Біз бәрінен хабардармыз. Егер биржалық бағаны алсақ, мұның бәрі күн сайын өсіп келе жатқанын көруге болады. Сондықтан ұнды қайта өңдеушілер мен астық өндірушілер арасында сәйкессіздік бар», деді министр.

Ол төтенше жағдай бола қалса азық-түлік корпорациясында ұн қоры жеткілікті деп сендірді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35