Қаржы • 13 Сәуір, 2022

Қазақстанда доллар қымбаттады

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 450,17 теңгені құрап, 0,54 теңгеге өскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда доллар қымбаттады

Ресей рублінің орташа бағамы 5,67 теңгені құрады.

Қытай юанінің бағамы - 70,92 теңге (+0,26).

Айырбастау пункттерінде долларларды 452-454,5 теңгеден, еуроны – 488-496 теңгеден сатып алады/сатады.

Рубль - 5,2-5,6 теңге.

Сонымен қатар 13 сәуірдегі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

WTI мұнайының фьючерстері 0,27%-ға төмендеп, барреліне 100,31 долларды құрады.

Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың құны 0,32%-ға, барреліне $104,47-ға дейін төмендеді.

Соңғы жаңалықтар

Ақылды маймыл

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:09

Қоқысты кәдеге жаратқан компания

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:07

Тапқырлық деп осыны айт

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:06

Жас жүректі баураған жырлар

Әдебиет • Бүгін, 09:04

Қымыздың қадірі артты

Мәдениет • Бүгін, 08:59