Үкімет • 14 Сәуір, 2022

Үкімет кеңсесінде құжаттарды қарау мерзімі қысқарады

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы бойынша Премьер-Министр кеңсесінде құжаттарды қарау мерзімін екі есе қысқарту шешімі қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет кеңсесінде құжаттарды қарау мерзімі қысқарады

Бұл тапсырма екі ай ішінде жүзеге асуы тиіс.

«Премьер-Министр Кеңсесінде құжаттарды қарау мерзімдерінің екі есеге қысқартылуын қамтамасыз етсін», делінген Президент Жарлығында.

Жарлыққа сәйкес хаттамаларды қарау құзыреті жоқ органдарға актілердің жобалары мен кеңестердің хаттамаларын жіберуге тыйым салынады. Ал мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы құжаттарға қол қою, сондай-ақ ведомствоаралық кеңестерге қатысу және онда мемлекеттік органның ұстанымын білдіру құқығын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің жекелеген басшыларына жүктеледі.

«Үкімет отырыстары мен Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Премьер-Министр кеңсесі басшылығының басқаруымен өткен кеңестердің хаттамаларын қатысқан мемлекеттік органдармен келісу қажеттілігін жоя отырып, оларға қол қою мерзімінің үш күнге дейін қысқартылуын қамтамасыз ете отырып, қайта қарасын», делінген Жарлықта.

Соңғы жаңалықтар

Ақылды маймыл

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:09

Қоқысты кәдеге жаратқан компания

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:07

Тапқырлық деп осыны айт

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:06

Жас жүректі баураған жырлар

Әдебиет • Бүгін, 09:04

Қымыздың қадірі артты

Мәдениет • Бүгін, 08:59