Аймақтар • 20 Сәуір, 2022

Атырау-Астрахань бағытында жолаушылар пойызы жүреді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атыраудан Ресейдің Астрахань қаласына жолаушылар пойызы жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Атырау-Астрахань бағытында жолаушылар пойызы жүреді

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиевтың мәліметінше, бүгін, 20 сәуірде халықаралық жолаушылар пойызы жолға шығады.

«Атырау қаласынан шығатын жолаушылар пойызы жұп күндері жүреді. Ал Ресейдегі Астрахань қаласынан тақ күндері қатынайды. Пойыз Атыраудан жергілікті уақытпен сағат 22:45-те қозғалады. Жүру ұзақтығы – 12 сағат 17 минут. Билет бағасы 13 мың 400 теңгеден басталады», дейді С. Айтқалиев.

Оның айтуынша, бұл пойыз бұрын да жүрген. Бірақ коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты тоқтап қалған еді.

Сондай-ақ былтырдан бері Атырау қаласынан Құрманғазы ауданындағы Д. Нұрпейісова теміржол бекетіне дейін баратын жолаушылар пойызы кестеге сәйкес қатынайды.



Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025