
Студенттер 27 елдің экологиялық проблемаларды шешудегі шешімдері туралы баяндады. Әркім өзіне белгіленген мемлекеттің ұстанымын жақсы жағынан көрсетіп, тиімділігін дәлелдеуге тырысты. Айталық, М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ студенті Қазына Мүсіркеп Дания мемлекетінің қоршаған ортаны қорғау министрі рөлінде, CO2 шығарындыларын азайту үшін көбірек экологиялық құрылысты қосу туралы бастама көтерді. Қатысушының ойынша, бұл экоүйлерде жаңартылатын энергия көздері пайдаланылады және болашақта табиғатты ғана емес, ақшаны да үнемдейді. Іскерлік ойынға қатысқан 27 студент климаттың өзгеруі, жаңа технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері, «жасыл» қаржыландыру», инновациялар, сондай-ақ жоғарыда аталғандардың бәрін пайдаланудың салдары сияқты факторлар төңірегінде өздерінің шешімдерін және дәлелдерін ұсынды.
Іс-шарада сөз алған Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Кестутис Янкаускас:
– Біз «Еуропалық одақтың ұстанымы» деген сөзді жиі естиміз. Бүгін біз бұл ұстанымның қалай әзірленетінін көрсеткіміз келді. Әрбір министр кеңес шеңберінде өз мемлекетінің мүдделерін қорғайды және бұл мүдделердің қарарда қаншалықты ескерілетіні соған ғана байланысты болады. Бұл – үлкен жауапкершілік. Біз экология тақырыбын таңдадық. Себебі бұл тек Еуропалық одақ елдері үшін ғана емес, Қазақстан және Орталық Азияның басқа елдері үшін де маңызды. Өйткені климаттың өзгеруі барлығымызға қатысты. Біз үшін маңызды, ал студенттер үшін, болашақ ұрпақ үшін одан да маңызды, – деді.
Өткізілген пікірталастың қорытындысы бойынша қатысушылар ойын барысында айтылған барлық идея мен ұсынысты қамтитын қарар қабылдады.