Президент • 24 Сәуір, 2022

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

«Құрметті отандастар! Еліміздің православ христиандарын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – діндарлар үшін үміт пен сенімге толы, ерекше қуанышты күн. Пасха мейрамы жұртшылықты ізгілікті істер жасауға ынталандырады, жақындарына жанашырлықпен қарап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге жетелейді. Біздің мәдениетімізбен тығыз астасып, үйлесім тапқан пасха дәстүрлері барлық этнос және діни наным өкілдерін бауырластыра түседі.

Сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді. Пасха мейрамы әр шаңырақты шаттыққа толтырып, бақытқа бөлесін! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!», делінген Президенттің құттықтауында.



 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше