Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Жол құрылысындағы битумдардың сапасы тексеріліп жатыр

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жол құрылысы жұмыстарында пайдаланылатын битумдардың сапасы тексерілуде. Жұмыстар ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы бойынша орындалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол құрылысындағы битумдардың сапасы тексеріліп жатыр

Көзделген негізгі мақсат — құрылыс нысандарын, автомобиль жолдарын реконструкциялау мен жөндеу жұмыстарын сапалы битуммен қамтамасыз ету, сондай-ақ сапасыз өнімді пайдалану фактілерінің алдын алу.

Зерттеу жұмыстары ҚР СТ 1373-2013 талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бүгінгі таңда ҚазжолҒЗИ зертханаларында «ПМХЗ» ЖШС және «Қазақбитум» ЖШС сынды өндірушілер жасап шығарған битумдардың 8 сынамасы бойынша зерттеу жүргізілді. Битумдар өндіруші зауыттардың талаптарына сәйкес зерделенді. Тексеру нәтижелері бойынша зауыттардың битумдары мәлімделген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні анықталды.

Айта кетерлігі, битум сынамалары өндіруші зауыттардан, сондай-ақ автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу объектілерінен алынған.  

Сапасыз битумды пайдаланудың алдын алу мақсатында тауар сапасына жасалатын мониторинг жалғасады. Мониторинг нәтижелері еліміздің түрлі жол-климаттық аймақтарында битумның әртүрлі маркаларын қолдану саласын белгілеу үшін пайдаланылады деп жоспарлануда.