Оқиға • 12 Мамыр, 2022

Білім министрлігі оқушы зорланған жекеменшік мектепті тексереді

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мариям» жекеменшік мектебінде оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайды зерттеу үшін Алматыға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім министрлігі оқушы зорланған жекеменшік мектепті тексереді

Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің өкілдері аталған дерек бақылауда екенін жеткізді.

«Біз бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Бүгін профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында «Мариям» жекеменшік мекемесінде тексеру жүргіземіз. Сонымен қатар оқушының отбасына да барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек көрсетіледі. Тергеудің қорытындыларына байланысты шаралар қабылданады. Сараптама нәтижесін күту маңызды. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз», деді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі осы оқиға бойынша баланың әкесі Наурызбай аудандық полиция басқармасына 21 сәуірде арызданғанын жеткізді.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.



Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03