Әлем • Бүгін, 15:42

Трамп әлеуметтік желіде Венесуэланы АҚШ-тың 51-штаты ретінде көрсетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Венесуэланың картасын АҚШ туының түсімен жариялап, оны «51-ші штат» деп белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамп әлеуметтік желіде Венесуэланы АҚШ-тың 51-штаты ретінде көрсетті

11 мамыр күні Ақ үй басшысы Fox News арнасына берген сұхбатында Венесуэла-ны АҚШ-тың 51-штаты ету мүмкіндігін «байыппен қарастырып жатқанын» айтқан.

Алайда бұл мәлімдеменің нақты контексті әзірге белгісіз.

Осы мәлімдемеден кейін Венесуэланың уақытша президенті Дельси Родригес халықаралық журналистерге елдің АҚШ-қа қосылмайтынын мәлімдеді.

«Біз өз тұтастығымызды, егемендігімізді, тәуелсіздігімізді, тарихымызды қорғай береміз. Венесуэла  колония емес, еркін ел», деді ол.

Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Ормұз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атаған болатын. Сонымен қатар, Трамп Иранмен келісімге келу үшін әскери операцияның тоқтатылғанын айтқан болатын. 

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар