Парламент • Бүгін, 13:18

Енді мұғалім оқушыға тек сабақ кезінде жауапты: Мәжіліс жаңа заңды мақұлдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат Мемлекет басшысының педагогтердің құқықтары мен мүдделерін заңнамалық тұрғыда қорғауды күшейту жөніндегі тапсырмасы негізінде әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді мұғалім оқушыға тек сабақ кезінде жауапты: Мәжіліс жаңа заңды мақұлдады

Жаңа нормаларға сәйкес, енді педагогтер оқушылар үшін тек оқу процесі кезінде ғана жауапты болады. Ал балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты ата-аналардың жауапкершілігі кеңейтілмек.

Сондай-ақ мұғалімдерге бір есепті қағаз және электронды форматта қатар жүргізуге тыйым салынды. Бұл өзгеріс педагогтердің артық жүктемесін азайтуға бағытталған.

Заң аясында мектептерде ұялы телефон қолданудың бірыңғай ережелері енгізіледі. Сонымен бірге оқушыларды ғылыми жұмыстарға тарту бойынша әкімдіктерге қосымша міндеттер жүктеледі.

Үкімет бастамасымен құжатқа шетелдік жетекші университеттердің Қазақстанда жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға арналған нормалар да енгізілді. Алайда мұндай филиалдар тек мемлекеттік білім стандарттары сақталған жағдайда ғана ашылады.

Бұдан бөлек, жоғары медициналық білім беру жүйесіне өзгерістер ұсынылды. Енді интеграцияланған оқу моделіне көшу жоспарланып отыр. Бұл жүйе бойынша студенттер 6 жыл жоғары оқу орнында білім алып, кейін 1 жыл толыққанды интернатурадан өтеді. Оқуды аяқтаған түлектер медициналық практикамен айналысу құқығына ие болады.

Бұған дейін педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылатынын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттері ашылады.

Соңғы жаңалықтар