
Erwinia amylovora – жеміс ағаштарында бактериялық күйдіргіні тудыратын ерекше қауіпті қоздырғыш. Бактерия әсіресе алма мен алмұрт ағаштары үшін қауіпті және бар болғаны екі маусымның ішінде бақшаны жаппай бүлдіруі мүмкін. Бүгінде бактериялық күйіктің таралып кеткен түрлеріне тиімді ем жоқ, тек ерте диагностикалау арқылы ғана оның алдын алуға болады. Ал енді әзірленген LAMP диагностикалық жүйесі жеміс ағаштарын сақтауға көмектеседі.
Білім және ғылым министрлігіне қарасты М.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының биологі Нұрбол Ғалиақпаров: «Біз әзірлеген LAMP негізіндегі бактерияларды анықтаудың жаңа жүйесі қазіргі кезде қолданылатын классикалық ПТР-мен салыстырғанда 100-1000 есе сезімтал. Сезімталдықтан басқа, ПТР-ден айырмашылығы – LAMP технологиясы қолдануға ыңғайлы, дала жағдайларына оңай бейімделеді, сонымен қатар қымбат реагенттер мен жабдықтарды қажет етпейді. Салыстырмалы түрде бактериялық күйікті анықтауға арналған біздің тест-жүйеміздің бір сынама құны 6 мың теңге, ағылшын зертханасында 31 мың теңге, швейцариялық зертханада 57 мың теңге тұрады. Осы арзан тест-жүйелердің көмегімен әр бағбан ерте диагностикаға қол жеткізе алады. Егер үй бақшалары өздігінен қалып қойса, онда олар жабайы алма ағаштарына жұқтыру қаупі бар. Ал елімізде жабайы алма ағаштарының нәтижесінде дүниежүзілік мұра саналатын Сиверс алма ағашы өседі, оны сақтау керек», дейді.
Қазіргі уақытта М.Айтхожин Молекулалық биология және биохимия институтының ғалымдары жабайы алма ағаштарында Erwinia amylovora бактериясын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп, бактериялық күйіктің таралуын болдырмау, оның ішінде жаңа тест-жүйелерді пайдалану үшін практикалық ұсыныстар әзірлеп жатыр.