
Зияткерлік жарыс 4-9 мамыр аралығында Ларнака қаласында (Кипр) офлайн форматта өтті. Осы жылы олимпиадаға Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Грекия, Молдова Республикасы, Черногория Республикасы, Румыния, Сербия секілді 16 елден 100-ге жуық оқушы қатысты.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев: «Жыл сайын сайысқа 6 адамнан құралған Қазақстан құрамасы қатысады. Биыл ел намысын Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Атырау және Ақтау қалаларының оқушылары қорғады. Сайыста балалар математикадан олимпиада тапсырмаларын өте қысқа мерзімде шешуі керек болды. Бұған дейін Балалар жылы аясында дарынды оқушыларды қолдау мақсатында республика көлемінде түрлі деңгейдегі олимпиадаларды өткізген болатынбыз. Олимпиаданы өткізу процесі автоматтандырылды. Бұл олимпиадаларды аудандық деңгейден республикалық деңгейге дейін барынша ашық және транспарентті өткізуге мүмкіндік берді. Балқан олимпиадасы оқушыларымызға негізгі халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындалуға көмектесетінін атап өткім келеді», деді.
Айта кетейік, былтыр қазақстандық оқушылар 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған еді.